Бүгін, 2025 жылғы 19 қыркүйекте Омарғали Байғабыловтың төрағалығымен Қостанай қалалық мәслихатының халық алдында 2024 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп беру кездесуі (бұдан әрі – есеп беру кездесуі) өтті.

Бүгін, 2025 жылғы 19 қыркүйекте Омарғали Байғабыловтың төрағалығымен Қостанай қалалық мәслихатының халық алдында 2024 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп беру кездесуі (бұдан әрі – есеп беру кездесуі) өтті.

Есеп беру кездесуі Zoom платформасы арқылы "онлайн" форматында өткізілді. Қостанай қалалық мәслихатының ресми интернет-ресурсында, face book және Instagram әлеуметтік желілерінде алдын ала есептік кездесу өткізу туралы хабарландыру орналастырылды.
Есепті кездесуде депутаттық корпустың өткен 2024 жылғы қызметі айтылды, ол атқарылған жұмыс туралы фотосуреттері бар слайдтарды көрсетумен қатар жүрді.
Атап айтқанда, мәслихаттың өткізілген отырыстарының саны айтылды: кезекті және кезектен тыс сессиялар, тұрақты комиссиялар. Жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл кезінде депутаттық қызмет, қайырымдылық қызметі айтылды.
2021-2024 жылдардағы динамикадағы проблемаларды және қойылған мәселелерді шешу үшін азаматтардың жеке қабылдауларынан кейін уәкілетті органдарға жіберілген депутаттық сауалдардың саны аталды.
Есеп беру кездесуі бойынша сұрақтар түскен жоқ. Қостанай қалалық мәслихатының 2024 жылға арналған жоспары толық көлемде орындалды, бұл туралы қала тұрғындарын хабардар ету қажет болды.