Бүгін, 2025 жылғы 17 маусымда Омарғали Байғабуловтың төрағалығымен сегізінші шақырылған Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.

Бүгін, 2025 жылғы 17 маусымда Омарғали Байғабуловтың төрағалығымен сегізінші шақырылған Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.
Сессия жұмысына мемлекеттік органдардың басшылары – бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қатысты.

Күн тәртібінде депутаттардың бірауыздан қабылданған шешімімен бұрын тұрақты депутаттық комиссиялардың бірлескен отырысында қаралған Қостанай қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджетіне түзетулер бекітілді.