Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты депутаттық комиссияларының бірлескен отырысы өтті

Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты депутаттық комиссияларының бірлескен отырысы өтті

Бүгін, 2025 жылғы 13 маусымда Исмаилов Арманның төрағалығымен Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Отырысқа Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Исмагулов Алмат және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қатысты.

Күн тәртібінде «Мәслихаттың 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 147 «Қостанай қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе қаралды.

«Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Наталья Тұрлыбекова өз баяндамасында қалалық бюджетті нақтылау қажеттігін түсіндірді.

Қостанай қаласын абаттандыру тұжырымдамасы шеңберінде бюджет қаражаты Қостанай қаласының әуежайы шағын ауданының № 6 және № 12 қазандықтары ғимараттарының шатырын жөндеуге, Притобол паркін қайта жаңартуға, Қостанай қаласының су құбырын тазарту құрылыстарына су дайындау жүйесін қайта жаңартуға және қалпына келтіруге, Қостанай қаласының аумағындағы балалар спорт алаңдарын жөндеуге, Триатлон саябағындағы мүмкіндігі шектеулі топтар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған әткеншектер мен тренажерлерге бағытталды, Притобольский паркінде «кедергі жолағы» жабдығын орнату және т. б.

Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар қала бюджетіне ұсынылған өзгерістер мен нақтылауларды бірауыздан қолдап, жобаны Қостанай қалалық мәслихатының сессиясында бекітуге енгізді.