Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының трансформациясы. Қазақстан мен Германия тәжірибесі

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының трансформациясы. Қазақстан мен Германия тәжірибесі

Мәслихат төрағасы Әлихан Қуатбеков 14 мамыр күні Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарымен бірге Көкшетау қаласында Фридрих Эберт қорының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының трансформациясы. Қазақстан мен Германия тәжірибесі» атты семинарға қатысты.

Саяси партиялардың өкілдері, депутаттар, Қоғамдық кеңестердің мүшелері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жиналған шара барысында жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін жетілдіре түсу бағытында өрелі ойлар айтылды.

Әсіресе, экономикалық тұрғыда озық мемлекеттердің қатарына жататын Германияның жергілікті басқару моделі туралы мәліметтер қызығушылық тудырды. Германияның экс-бургомистрі Фридрих-Вильгельм Реббе мырзаның "Германияның жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне шолу" туралы баяндамасында тың мәліметтер берілді. Жергілікті өкілді орган өкілдерінің қатысуымен өтіп жатқан мұндай шаралар еліміздегі мәслихат институтының тиімділігін арттыру, қызметімізді жетілдіре түсуде мол септігін тигізеді.

Бүгін, 15 мамыр күні Кординациялық кеңестің отырысы жалғасуда. Жаңа бюджеттік кодекс, қолданыстағы бюджетті қайта бөлу, ұсынылған бюджетті қарастыру және т.б. мәселелер бойынша мәлімет берілуде. Жоба бойынша бюджеттің жеделдігі мен дербестігі, қоғамдық бақылауды күшейту, жоспарлау сапасын арттыру көзделген.