Бүгінгі қабылдауда қаламыз үшін маңызы зор бірқатар мәселелер бойынша сауалдар қойылды. Олардың қатарында қаланың көркін бұзып тұрған заңсыз сауда контейнерлері, балалар алаңы, жолдарды жөндеу, жер телімі, үй кезегі және т.б. мәселелер бар.
Қабылдауда қойылған сұрақтарға жауап беріліп, әр мәселені шешу бойынша жауапты бөлім басшыларына тапсырмалар берілді. Азаматтарымыздың тарапынан көтерілген түйткілді сауалдардың заңды түрде оң шешімін табуы депутаттық корпус өкілдерінің бақылауында болады.