Бүгін Қосшы қаласы мәслихатының депутаты, "M&EL" компаниясының басшысы Мақсат Тәшенов өзіне тиесілі құрылыс тауарлары дүкенінен қаламыздағы №3 білім ордасына және "Шоколад" ТК тұрғындарына қажетті құрылыс тауарларын берді.
Мектепте ішінара ішкі және сыртқы жөндеу жұмыстары, "Шоколад" ТК дәліздерін жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Мақсат Еркінұлы осыған дейін тұрғындармен кездесулерде айтылғандай "Нұрай" ТК ауласындағы балалар алаңын жөндеу жұмыстарына да қол ұшын созған еді. Жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.