
Комиссия төрағасы Е.Ділдәбек ашқан отырысқа мәслихат төрағасы Ә.Қуатбеков, қала әкімінің орынбасары А.Ибраева және мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.
Күн тәртібі бойынша 5 мәселе қаралды. Олардың қатарында халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар кешенін орындау барысы, тазарту және кәріз жүйелерінің жұмыс істеуі, "Халық қатысатын Бюджет" бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізу туралы, бюджетке түсетін салық мәселесі, «Қосшы қаласы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» және мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысы туралы мәселелер бар.
Аталған сауалдар бойынша жауапты тұлғалар баяндамалар жасап, атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді. Комиссия отырысында қаралған сұрақтар бойынша депутаттық корпус өкілдері баяндамашыларға сауалдарын қойып, оған жауап берілді. Жиын соңында тұрақты комиссияның қаулысы қабылданды.