“AMANAT” партиясы Қосшы қалалық филиалының мобильді қоғамдық қабылдауы ұйымдастырылды

“AMANAT” партиясы Қосшы қалалық филиалының мобильді қоғамдық қабылдауы ұйымдастырылды
Бүгін сондай-ақ “AMANAT” партиясы Қосшы қалалық филиалының мобильді қоғамдық қабылдау бөлмесінің қала ішіндегі мекемелерге шығу жұмысының аясында мәслихат төрағасы Әлихан Қуатбеков, "АМАНАТ" партиясы қалалық филиалының атқарушы хатшысы Рақымжан Сейдахметов, мәслихат депутаты Дидар Кәкімжанов қаламыздағы Р.Қошқарбаев атындағы №1 мектепте, одан кейін "Қосшы су" мекемесінде болып мобильді қоғамдық қабылдау өткізді.
 
Алдымен мектепке барған депутаттық корпус өкілдері білім ордасын аралап, мекеменің түйткілді мәселелерімен танысты. Мекеме басшысы Сұлуай Қуанышқызы мектеп оқушылары үшін акт залының аса қажеттілігін, кітапхананы кеңейту жұмысының өзекті екенін жеткізді.
 
Одан кейін педагогтар ұжымының өкілдері түрлі мәселе бойынша өтініштерін айтып, сауалдарын қойды. Қабылдауда жиыны 20 ға жуық адам сұрақ қойып, ұсыныстарын жеткізді. Олардың қатарында қаламыздың инфрақұрылымына қатысты, "Лесная Поляна" тұрғын-үй алаңында авто тұрақ, тұрғын-үй алу үшін жеңілдетілген несие алу, қаладағы қаңғыбас иттер, азаматтық алу және т.б. мәселелер бойынша сауалдар бар.
 
Азаматтардың барлық өтініштері мұқият тыңдалып, бақылауға алынды және одан әрі мәселені шешу үшін кейбір өтініштер бойынша тиісті мемлекеттік органдарға депутаттық сауалдар жіберілді.