Мәслихат төрағасы Ә.Қуатбеков ҚР Парламенті Сенатының жанындағы жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) ынтымақтастық кеңесінің кеңейтілген жиынына қатысты

Мәслихат төрағасы Ә.Қуатбеков ҚР Парламенті Сенатының жанындағы жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) ынтымақтастық кеңесінің кеңейтілген жиынына қатысты
Әлихан Қуатбеков,
Қосшы қаласы мәслихатының төрағасы 
 
3-4 сәуір күндері Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Б.Жүсіпов және өзге де қала, аудан мәслихаттарының төрағаларымен бірге ҚР Парламенті Сенатының жанындағы жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) ынтымақтастық кеңесінің кеңейтілген жиынына қатыстым.
 
Президентіміз барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының ІІ республикалық форумында Парламент пен мәслихаттар әрдайым бірлесе жұмыс істеуі қажет екенін атап өткен болатын. Өйткені, "бұл мемлекет саясатының үйлесімді жүзеге асуына ықпал етеді және жергілікті биліктің шамасы келмейтін ауқымды мәселелерге орталық дер кезінде көңіл бөлуіне мүмкіндік береді" - деген еді.
 
Осы орайда ынтымақтастық кеңесінің жиынында мәслихат қызметін жетілдіру бағытында өрелі ойлар, ұсыныс-пікірлер айтылды. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев заң шығару жұмысына мәслихат депутатарын тарту көзделіп отырғанын, өңірлерді дамыту бойынша мәслихат депутатарының ұсыныс-пікірлері республикалық бюджетті қараған кезде де ескерілетінін, сондай-ақ мәслихаттардың қаржылық мүмкіндіктерін кеңейтуге, олардың бақылау және өкілдік функцияларын күшейтуге арналған бастамаларды ілгерілете беретінін айырықша атап өтті.