Қосшы қаласы мәслихатының депутаты Ақылбек Данабекұлы мәслихат депутаттарының сайлаушылармен есептік кездесуі аясында тұрғындармен кездесу өткізді

Қосшы қаласы мәслихатының депутаты Ақылбек Данабекұлы мәслихат депутаттарының сайлаушылармен есептік кездесуі аясында тұрғындармен кездесу өткізді

17.10.2023 ж.

Қосшы қаласы мәслихатының депутаты Ақылбек Данабекұлы мәслихат депутаттарының сайлаушылармен есептік кездесуі аясында тұрғындармен кездесу өткізді.

Қала әкімшілігінің жиналыс залында өткен кездесуге мәслихат төрағасы Ә. Қуатбеков, мәслихат депутаттары, шаһар тұрғындары, аға буын өкілдері, қала жастары қатысты.

Кездесу барысында Ақылбек Данабек мәслихат депутаты ретінде атқарған жұмыстары туралы есебін ұсынып, алдағы уақытта жасалатын жұмыс жоспары туралы атап өтті. Жиынға қатысушылар көкейлеріндегі сауалдарын қойды. Олардың қатарында "Табыс Құрылтай" ТК-не қатысты жөндеу жұмыстары, жылу беру мәселесі, қаламызда мектептен кейінгі білім ордасы жайлы және т.б. сауалдар болды. Есептік жиында барлық сауалдарға жауап беріліп, ұсыныс-тілектер назарға алынды.

Көтерілген мәселелердің уақытында шешілуі әрдайым қала мәслихаты депутаттарының бақылауында болады.