1 мамыр мерекесімен құттықтау

1 мамыр мерекесімен құттықтау

Құрметті қосшылықтар!
Қадірлі қала тұрғындары!

Ежелден елдік құрған дана халқымыз ынтымақ пен бірлікті егіз ұғым ретінде қарап, "бірлік бар жерде - тірлік бар" деген. Ізгілікке, ынтымаққа шақырған мұндай сөз тегіннен-тегін айтыла салмаса керек. Ауызбіршілік пен түсіністік, өзара сыйластық пен береке үстемдік құрған жерге бақыт қонады.

Жас қаламыз Қосшының көркейіп, гүлденуі, оның тұрғындарының алаңсыз өмірі мен мамыражай тірлігі ең алдымен ауызбіршіліктің арқасында. Ынтымағымыз жарасып, береке бірлігіміз арта берсін. Барлық жанұяға бақ-береке, елімізге тыныштық, Отанымызға амандық тілеймін.
Жаймашуақ мезгілдің жылы лебін сезіндіріп жететін 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!

Құрметпен,

Қосшы қаласы мәслихатының төрағасы

Қуатбеков Әлихан Жұмаханұлы