16 қаңтар күні Қосшы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXVII сессиясы өтті

16 қаңтар күні Қосшы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXVII сессиясы өтті

16 қаңтар күні Қосшы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXVII сессиясы өтті. Қала мәслихатының төрағасы Болатбек Мұхтарұлы ашқан сессияға мәслихат депутаттары, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Рақым Түлкібаев, мәслихат аппаратының және әкім аппаратының қызметкерлері мен бөлім басшылары қатысты.

Күн тәртібіне 8 мәселе қойылды. Олардың ішінде Қосшы қаласының округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы, қала мәслихатының 2021 жылғы 11 қарашадағы және 2022 жылғы 12 мамырдағы шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы. Аталған шешімдер жайлы Мәслихат аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы Сүлейменов Нұрбек Мұратұлы мәліметтер берді.

Сондай-ақ «Ақмола облысы Қосшы қаласы мәслихатының регламентін бекіту туралы» Қосшы қаласы мәслихатының 2021 жылғы 16 тамыздағы, Мәслихат аппаратын құру туралы 2021 жылғы 2 тамыздағы шешімдеріне өзгеріс енгізу туралы мәселе де қаралды.

Қаладағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды ынталандыру жөніндегі комиссияны құру жайлы әкім аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Есенжанова Әсия Тасболатқызы ақпарат ұсынды. Сессия барысында қала әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясының құрамын бекіту туралы қала мәслихатының 2022 жылғы 17 наурыздағы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы айтылды.

Сонымен қатар «Жұмыспен қамту бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша Қосшы қаласы әкімдігінің жанындағы комиссиясының құрамын бекіту туралы» 2022 жылғы 14 сәуірдегі шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі жайлы аталмыш бөлімнің басшысы Бақтыбай Шәдіұлы ақпарат берді. Сессияның соңында депутаттардың толықтай дауыс беруімен Мәслихаттың шешімі қабылданды.