Қалалық округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру туралы Қосшы қаласының мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

Қалалық округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру туралы Қосшы қаласының мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Қосшы қаласының мәслихаты депутаттарды сайлау жөніндегі округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.

Депутаттарды сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясы бес мүшеден тұрады.

Округтік сайлау комиссиясының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылар санына қарай қаланың аумақтық сайлау комиссиясы айқындайды.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия округтік және учаскелік сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихат өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша округтік сайлау және учаскелік комиссияларды сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрған округтік және учаскелік сайлау комиссияларына қатысты 2022 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 13 қаңтарға дейін мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта округтік және учаскелік сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;

2) тиісті округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) шешімінен үзінді көшірме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың белгіленген нысан бойынша округтік және учаскелік сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері.

Депутаттарды сайлау жөніндегі округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың округтік және учаскелік сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.

Округтік және учаскелік сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.

Аудандық және учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Округтік және учаскелік сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы және орындалған күні, Орындаушы туралы белгі, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.

Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы 13 қаңтарға дейін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүзеге асырылады.

Ибраев Б. М. - Қосшы қаласы мәслихатының хатшысы

Мәслихаттың орналасқан жері: Қосшы қаласы, Республика көшесі, 46.

Жауапты тұлға - Сүлейменов Нұрбек Мұратұлы, Қосшы қаласы мәслихатының аппараты, қалааралық телефон коды (87122) 607-772, ұялы телефоны 8 7089296848, электрондық пошта мекенжайы maslikhatgorodakosshy@bk.ru

                  

                                                             Қосшы қаласының мәслихаты

 

                          Ұсынымдарға 6-қосымша

нысан

 

_____________________________________________________
(мәслихаттың толық атауы)

Хатшысына


кімнен_______________________________________________
(Өтініш берушінің аты-Жөні)
мекен жайы: _____________________________________
((облыс, Нұрсұлтан қаласы, Алматы қаласы, Шымкент қаласы,
____________________________________________________________
аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер)
______________________________________________________
(қызметтік, пәтерлік, ұялы телефон нөмірлері)

 

Өтініш

Мен__________________________________________________________________________

(Өтініш берушінің аты-Жөні)

 

_________________________________________________________________________________

(саяси партияның, өзге де қоғамдық бірлестіктің атауы, жоғары тұрған сайлау комиссиясының)

ұсынылған Қазақстан Республикасының азаматы

__________________________________________________________________________________

(сайлау комиссиясының атауы)

жұмысқа қатысуға өз келісімімді беремін

 

Сайлау жүйесінде жұмыс тәжірибем бар ________________________________________

( иә,_____ жыл / жоқ)

Өтелмеген немесе алынбаған соттылығы жоқ.

Мемлекеттік саяси қызметші лауазымын атқармаймын.

Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихатының депутаты, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі, Сот судьялары болып лауазымын атқармаймын .

Заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығының, соттың әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы шешімінің болмауы тұрғысынан уәкілетті органдарға сұрау салулар жіберу үшін өзінің ЖСН-ін пайдалануға өз келісімімді беремін.

«____»____________201__ жыл                                        _________________________

(өтініш берушінің қолы)

Өмірбаяндық мәліметтер:

 

Туған күні  «____» _______________ 19 _____ жылы

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)_________________________________________

Ұлты* _______________________________

Партияға мүшелік * _____________________________________________________________________

Білім       _________________________________________________________________

Мамандығы  _________________________________________________________________

Жұмыс орны немесе кәсібі ____________________________________________________

Атқаратын лауазымы __________________________________________________________

Жеке куәлік деректері __________________________________________________

           (куәлік нөмірі, қашан және кім берді)

Комиссия құрамын қалыптастыратын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын 18 жастан асқан жақын туыстар туралы мәліметтерді қоса беремін**.

 

Ескертпе:

*Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабының 1-тармағына сәйкес ұлттық және партиялық тиесілігі кандидаттың қалауы бойынша көрсетіледі.

** Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

 

 

 

Өтінішке қосымша

 

 

Жақын туыстар туралы мәліметтер __________________________________________________________________

(Өтініш берушінің аты-Жөні)

 

п/п

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
жақын туыстар

ескертпе

1.                  

 

әкесі

2.                  

 

анасы

3.                  

 

ұлы

4.                  

 

қызы

5.                  

 

ағасы

6.                  

 

әпкесі

7.                  

 

атасы

8.                  

 

әжесі

9.                  

 

немересі

10.             

 

жұбайы