2022 жылдың 27 желтоқсаны күні Қосшы қаласы мәслихатының экономика және бюджет, әлеуметтік мәселелер, заңдылық пен құқық тәртібі, депутаттық өкілеттік пен этика жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті

2022 жылдың 27 желтоқсаны күні Қосшы қаласы мәслихатының экономика және бюджет, әлеуметтік мәселелер, заңдылық пен құқық тәртібі, депутаттық өкілеттік пен этика жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті
Тұрақты комиссияның төрағасы Н. Тоқабаев ашқан отырысқа мәслихаттың хатшысы Б. Ибраев, қала әкімінің орынбасары Б. Жұмкей, мәслихат депутаттары мен әкімдіктің бөлім басшылары, мемлекеттік мекемелердің басшылары және қаланың ақсақалдары қатысты.
 
Күн тәртібіне Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылының мәдени құндылықтардың дамуы мен жағдайы мәселесі қойылды. Аталған мәселе бойынша Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Айнагүл Көңбайқызы ақпарат ұсынды.
 
Сондай-ақ жұртшылыққа қалалық кітапханың меңгерушісі Дәметкен Бекова шаһардағы кітапхана қызметінің жағдайы туралы баяндай келе, жұмысты жетілдіре түсу жолындағы ұсыныстарымен бөлісті. Сонымен қатар мәслихат депутаты Айдын Төребаев, қала әкімінің орынбасары Берген Жұмкейұлы өңірдің тарихы туралы тың деректемелерін ортаға салып, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.
 
Отырыс барысында аталған мәселелер бойынша жұртшылық көкейлеріндегі сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.