Қосшы қаласы Қоғамдық Кеңесінің 2022 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі

Қосшы қаласы Қоғамдық Кеңесінің  2022 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі

Қосшы қаласының қоғамдық кеңесі, қалалық мәслихаттың "Қосшы қаласының қоғамдық кеңесінің құрамын және "Қосшы қаласының қоғамдық кеңесі туралы" Ережесін бекіту туралы 2021 жылғы 22қазандағы №22/5-7 шешімімен құрылды. Қоғамдық кеңестің құрамындағы 11 азамат 3 жыл мерзімге сайланған.

     Қоғамдық кеңестің жанынан үш комиссия құрылған, экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиясы, комиссия төрағасы А.Қалиасқарова, әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссиясы, комиссия төрағасы С.Жарова, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиясы, комиссия төрағасы Р.К.Айтжанов.

    2022 жылы Қоғамдық кеңестің 25 отырысы өткізіліп, онда 63 мәселе қаралды. Оның ішінде: Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспары бойынша 25 мәселе, мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілерінің 22 жобасы қаралды,  15 қоғамдық тыңдау өткізілді.  Оның ішінде азаматтардың мүдделерін қозғайтын  16 мәселе қаралды.

      Қосшы қаласындағы күрделі мәселелер, халықтың күнделікті тыныс-тіршілігіне қатысты ауыз су, электр жарығы, денсаулық мәселесі  күн тәртібінен түскен емес.  Жұмыс жоспарына сәйкес  «Қосшы қаласында сумен жабдықтау қызметтерін үздіксіз және сапалы ұсынуды қамтамасыз ету туралы» мәселе қаралып,  жалпы жиналыстың шешімі бойынша Қарар қабылданып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне Қосшы қаласында сумен жабдықтау қызметтерін сапалы және үздіксіз ұсыну бойынша тұрақты бақылауды жүзеге асыру,  сондай-ақ,

       - Қосшы қаласында сумен жабдықтау және су бұру желілеріне уақтылы техникалық қызмет көрсету бойынша мониторингті тұрақты негізде жүзеге асыру;

      - жаңа көппәтерлі тұрғын үйлерді пайдалануға беру кезінде су айдайтын сорғыларды орнату мәселесін қарастыру ұсынылды.

     Сонымен бірге, Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөліміне  Қосшы қаласының су қабылдау станциясын 100% дайындықпен  тапсыру  ұсынылды.

     Қосшы қаласында көп қабатты тұрғын үй салуға талап білдіріп жатқан мердігерлер баршылық,  осыған сәйкес «Қосшы қаласының ауданы 230 га болатын тұрғын үй алабын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын түзету» жобасы түскен болатын.  Қоғамдық кеңес мүшелерінің ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, жобаға тиісті өзгерістер енгізу ұсынылды (жаңа ауданда сумен жабдықтау және жылу беру жүйесі  туралы нақты ұсыныс  сұратылды).

       Қоғамдық кеңес отырысында «Коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормаларын, коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы» мәселе талқыланды. Жобаны әзірлеушінің түсіндіру жұмыстарының жеткіліксіздігіне және коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларының есебін ұсынбауына байланысты күн тәртібінен бұл мәселе кейінге қалдырылды.

      Сондай-ақ,  Қосшы қаласы әкімінің «Қосшы қаласы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» шешімінің жобасы қаралды. Бұл жағдайда, Қосшы қаласында сайлау учаскелерін құрып  Целиноград ауданынан бөлу негіз болып табылады.           

     «Қосшы қаласында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою  жұмыстары туралы»,  «Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі шаралар туралы»,  «Кәсіпкерлікті дамыту шеңберінде инвестициялық климатты іске асырудың барысы туралы»,  «Қосшы қаласының кірістерін ұлғайту бойынша салық климатын жақсарту жөніндегі шаралар туралы»,   «Қосшы қаласында  санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстарды жүргізу барысы туралы» мәселелер бойынша  Қоғамдық кеңестің Қарарлары қабылданды.

      Қоғамдық кеңесте қаланың тазалығы, абаттандыру мәселесі кеңінен талқыланып  Қосшы қаласы әкімдігіне контейнерлер санын көбейту туралы ұсыныспен шыққан, нәтижесінде қала бойынша лас-қоқыс тастайтын 70 контейнер орнатылды.

      Есепті жылда 15 қоғамдық тыңдау өткізілді, онда төмендегі мәселелер қаралды.   Қала тұрғындарының пікірін ескере отырып, әкімдікке 5 балалар ойын алаңын орналастыру орны   айқындалып,  ұсыныс енгізілді. (Атап айтқанда: «Лесная поляна» шағын ауданында-1, «Алтын дала» шағын ауданында-1,  «Алтын орда» шағын ауданында -1, Желтоқсан көшесі бойынша жаңа мектеп ауданы-1, Республика және Ш.Қалдаяқов көшелерінің қиылысында-1), «Қосшы қаласының бас жоспарын талқылау»,  «Қаңғыбас иттерді аулау туралы»,  «Қосшы қаласы бойынша №1 қалаішілік автобустың бағытын келісу туралы», «Қосшы қаласында ірі қара малды ұстау мәселесін талқылау»  және  «Қала тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз етудің жай-күйі туралы мәселені талқылау», «Тайтөбе ауылын Қосшы қаласының әкімшілік бағынысына беру туралы»,   «Сергек» бейне тіркеу жүйесін енгізу бойынша Презентация,   «Қосшы қаласында  «жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында «2000 орындық екі мектеп және Тайтөбе ауылында 1200 орындық 1 мектеп құрылысының тізбесін келісу»  мәселесі бойынша қоғамдық тыңдау өтті.               

         

      Сондай-ақ, кезекті отырыста «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерін және атқарушы органдардың 2021 жылғы нысаналы индикаторларға қол жеткізу туралы есептерін талқылау» өтті. 

      Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес Қосшы қалалық полиция бастығының  қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы есебі тыңдалды. 

     «Қосшы қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» есепті талқылау өтті,   аталған  мәселе бойынша халықтың кейбір топтарына тариф бойынша жеңілдіктер беру  туралы ұсыныс  енгізілді.

       Есепті кезеңде 18 мемлекеттік органның басшылары мен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тыңдалды:    Атап айтқанда:   «Қосшы қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының «Жер мәселелері бойынша атқарылған жұмыстары туралы есебі»,  «Қосшы қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесі туралы» (2 рет),  «Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  бөлімі басшысының қаладағы автокөлік жолдарының жағдайы туралы хабарламасын тыңдау», «2022-2023 жылу беру маусымына дайындық  жұмыстардың барысы туралы»,  «2022-2023 жылғы жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы», «Қала халқына медициналық қызмет көрсету сапасы туралы», «Отбасының мұқтаждығын анықтау және аз қамтылған топтарға әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының есебін тыңдау», «Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы", "Қосшы қаласының автожолдарына күрделі жөндеу жүргізу және жаңадан салынып жатқан автожолдардың сапасы туралы", «Қосшы қаласында этносаралық шиеленістер мен жанжалдардың алдын алу бойынша Мемлекеттік органдардың жүргізген жұмыстары туралы».

 

       Сондай-ақ, мемлекеттік атқарушы және өкілді органдардың 22 Нормативтік-құқықтық актілерінің жобалары қаралды, мысалы «Қосшы қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған халық үшін тарифті бекіту туралы»,  «Қосшы қаласындағы жеке оқу жоспары бойынша мүгедектер қатарынан үйде оқытуға жұмсалатын шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы»,   «Қосшы қаласы мәслихатының 2022 жылғы 19 шілдедегі №83/16-7 «Қосшы қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Қосшы қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы»  Қосшы қаласы мәслихаты  шешімдерінің жобасы қаралды.   «Қосшы қаласына бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қосшы қаласы әкімдігі қаулысының жобасы, «Қалалық мәслихаттың 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 35/9-7 «2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Қалалық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы»,    «Қосшы қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге халық үшін тарифті бекіту туралы»  2022 жылғы 1 тамыздағы №85/17-7 Қалалық мәслихаттың шешіміне өзгеріс енгізу туралы»,     «Қосшы қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге байланысты пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың шығындары» , Қосшы қаласы әкімінің 2022 жылғы 26 сәуірдегі №04-01  «Қосшы қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы»,  «Бағалау аймақтарының шекараларын және қаладағы жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» қалалық мәслихатының шешімінің жобасын қарау,  «Қосшы қаласы мәслихатының  «Жерді аймақтарға бөлу және жер салығының ставкаларын, Қосшы қаласының салық ставкаларын түзету жобасын (схемасын) бекіту туралы»   шешімінің жобасын қарау туралы», Қалалық мәслихаттың 2021 жылғы 23 желтоқсандағы №35/9-7 «2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Қосшы қаласы әкімінің 2022 жылғы 26 сәуірдегі №04-01 «Қосшы қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы, «Ақмола облысы Қосшы қаласындағы бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" Ақмола облысы мәслихатының шешімі, Қосшы қаласы Қоғамдық кеңесінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту,  Қосшы қаласы мәслихатының "2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы" шешімінің жобасын қарау туралы, Қосшы қаласы мәслихатының "Тайтөбе ауылының бюджеті туралы"шешімінің жобасын қарау туралы.

     Қолданыстағы заң талаптарына сәйкес «Қосшы қаласы әкімінің өзіне жүктелген функциялардың орындалуы және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі туралы»  есебі   тыңдалды. 

     2022 жылдың желтоқсан айында «Қосшы қаласының қоғамдық кеңесінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары»   бекітілді.

     Қоғамдық кеңес отырысының қарауына енгізілетін мәселелерді талқылау бойынша Қоғамдық кеңестің барлық мүшелерінің белсенді қатысуын атап өткен жөн.  Қоғамдық кеңес мүшелері азаматтардың мүдделерін қозғайтын әкімдік жанындағы комиссияларға  мүше  болып табылады.  Сонымен бірге, Қоғамдық кеңес мүшелері аптаның  әр сәрсенбісінде өтетін қала әкімінің азаматтарды жеке қабылдауына  бекітілген кесте бойынша қатысып отырады.

     Қосшы қаласының тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін ескере отырып,  күн тәртібіне Тайтөбе ауылындағы полигонды жабу мәселесі бірнеше рет отырыста қаралып, нәтижесінде полигонды жабу жөнінде ұсыныстар берілді. Аталған полигонның орнын тазартуға бюджеттен 100 млн. қаржы бөлінді.

    2022 жылғы 29 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы мен Қосшы қаласының қоғамдық кеңестерінің бірлескен отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты М.А.Ахметовтың және Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, Қосшы қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы С.А.Матайбаеваның өтініштері  бойынша Қосшы қаласының проблемалық мәселелері  талқыланды.  Нәтижесінде Қосшы қаласында полигон мәселесі түбегейлі шешімін тапқанға дейін, Қосшы қаласынан шығарылатын лас-қоқысты Астана қаласының полигонына тасымалдау мәселесі қаралып,  нәтижелі шешім қабылданды.

    Қосшы қаласын электрмен жабдықтауды  толық «АРЭК» АҚ өткізу туралы берілген ұсыныстар шешімін таппай келеді,  үстіміздегі жылы Қоғамдық кеңестің ұсыныс-пікірлері ескеріліп, тұрғындарды үздіксіз электрмен қамтамасыз  ету мақсатында электрмен  жабдықтау «АРЭК» АҚ құзырына толық  беріледі  деген сенімдеміз.