23 қараша күні Қосшы қаласы мәслихатының экономика және бюджет, әлеуметтік мәселелер, заңдылық пен құқық тәртібі, депутаттық өкілеттік пен этика жөніндегі тұрақты комиссияларының отырысы және қала Мәслихатының кезектен тыс XXIII сессиясы өтті

23 қараша күні Қосшы қаласы мәслихатының экономика және бюджет, әлеуметтік мәселелер, заңдылық пен құқық тәртібі, депутаттық өкілеттік пен этика жөніндегі тұрақты комиссияларының отырысы және қала Мәслихатының кезектен тыс XXIII сессиясы өтті
Қала мәслихатының Әлеуметтік мәселелер, заңдылық және құқықтық тәртіп, депутаттық өкілеттіктер және этика жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Н. Тоқабаев ашқан отырысқа Мәслихаттың хатшысы Б.Ибраев, қала әкімінің орынбасарлары Б.Жұмкейұлы, А.Ибраева, Қосшы қаласы сотының төрағасы Нұрлан Бекенов, полиция бөлімінің өкілі, Ақмола облысы Дін істері басқармасының Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының теолог маманы Абзал Сарденов және мәслихат депутаттары мен мемлекеттік мекемелерінің басшылары, дін өкілдері қатысты.
Күн тәртібіне 7 мәселе қойылды. Олардың қатарында билер Кеңесін құру; Қосшы қаласындағы деструктивті діни ағымдардың алдын алу туралы атқарылып жатқан жұмыстар бар. Билер Кеңесін құру туралы соттың төрағасы Нұрлан Бекеновтың айтуынша бұл мәселе замауи елдерде әлдеқашан жолға қойылған. Өзара келіспеушілікті билердің уәжі арқылы татуластыру жолымен шешу ұтымды тәсіл болмақ. Бұл ата-бабаларымыз қолданған дала заңдарында да бар.
Сонымен қатар Қаланың ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Айнагүл Көңбайқызы деструктивті діни ағымдардың алдын алу мәселесінің өзекті екенін тілге тиек етіп, шаһардағы діни ахуалдың қалыпты екенін, бірақ атқарылатын жұмыстардың әлі де ауқымды түрде жұмыс жасау қажет екенін жеткізді.
Отырыс барысында бұдан басқа Қосшы қаласының жерді аймақтарға бөлу және жер салығының ставкаларын, салық ставкаларын түзету жобасын (схемасын) бекіту туралы; Әкімдік жанындағы жер комиссиясының құрамын қалыптастыру туралы; Қосшы қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы; Қаладағы мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы; Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.
Сессия соңында аталған мәселелер бойынша Шешім қабылданды.