Қоғамдық талқылау өтті

Қоғамдық талқылау өтті
15 қараша күні Қосшы қаласының әкімшілігінде қалалық мәслихат депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелерінің бірлескен отырысы өтті. Отырысқа Қоғамдық кеңестің төрайымы С. Матайбаева, Мәслихаттың хатшысы Б. Ибраев, қала әкімінің орынбасарлары Ә. Қуатбеков, А. Ибраева және қала әкімінің бөлім басшылары мен қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты.
Қоғамдық талқылаудың күн тәртібі бойынша 2 мәселе қаралды. Олар:
1. Қосшы қаласы мәслихатының "Қосшы қаласында жер салығының мөлшерлемелерін, салық мөлшерлемелерін түзету және жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) қарау;
2. Тайтөбе елді мекенінде шешімін таппай тұрған күрделі мәселелерді талқылау туралы.
Қаралған алғашқы мәселе бойынша "Қосшы қаласы жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің" басшысы А.Таймасов ақпарат берді. Қазіргі уақытта шаһардың бас жоспарын жасау бойынша жұмыстар жүріп жатыр.
Екінші мәселе бойынша қала әкімінің орынбасарлары нақты мәліметтерді ұсынды. Тайтөбе ауылының тұрғындары үшін қазір жарық мәселесі өзекті болып отыр. Отырыс барысында бұл жағдайды шешу үшін жұмыстардың жүргізіліп жатқаны айтылды. Жиынның соңында Хаттамалық шешім қабылданды.