9 қарашада Қосшы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXII сессиясы өтті

9 қарашада Қосшы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXII сессиясы өтті
 
Мәслихаттың хатшысы Болатбек Ибраев ашқан сессияға облыстық мәслихаттың депутаты С.Матайбаева, қала әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары және әкімшіліктің бөлім басшысылары мен БАҚ өкілдері қатысты.
XXII сессияның күн тәртібі бойынша 6 мәселе қаралды. Олар, Қосшы қаласы мәслихатының:
1. «Қосшы қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 19 шілдедегі №83/16-7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
2. Қалалық мәслихаттың 2021 жылғы 23 желтоқсандағы №35/9-7 «2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджеті» туралы шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
3. «Қосшы қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының құрамын бекіту туралы» 2022 жылғы 17 наурыздағы №51/11-7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
4. «Қосшы қаласы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» 2022 жылғы 22 сәуірдегі №65/13-7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
5. «Қосшы қаласының бюджеттік комиссиясының құрамын бекіту туралы» 2021 жылғы 11 қарашадағы №28/7-7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
6. «Қосшы қаласы әкімдігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамын бекіту туралы» 2021 жылғы 11 қарашадағы №28/7-7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
Қаралған мәселелер бойынша Қосшы қаласы әкімінің орынбасары Альмира Бақытқызы және өзге де бөлімдердің басшылары мен мамандары мәліметтер берді. Күн тәртібіне қойылған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Сондай-ақ қаралған мәселелер бойынша Шешім қабылданды.