Республика күнімен құттықтау

Республика күнімен құттықтау

         Қымбатты достар, әріптестер, жерлестер!
         Ұлтымыздың ұлық мерекесі 25 қазан Республика күні құтты болсын!
Бұл күн тарихи маңызға ие, тағылымы зор мереке. Өйткені 1990 жылы 25 қазан күні еліміздің Егемендігі туралы аса маңызды құжат Декларациямыз қабылданды.
          КСРО сияқты алып империяның ыдырауы жас қазақ мемлекетінің тарих сахнасына қайта оралуына жағдай жасады. Президентіміз Қ.К. Тоқаевтың Республика күнін ұлттық мереке ретінде атап өту туралы шешімі жаңа Қазақстанды құруға қадам басқан халқымыздың өз құндылығына көз жүгірту, киелі тарихына зер салу.
         Сіздерді алаш жұрты үшін айтулы мерекемізбен шын жүректен құттықтай отырып, барша жанұяға бақыт пен береке, байлық тілеймін. Еліміздің аспаны әрдайым ашық болсын!

        Құрметпен,
        Қосшы қаласы мәслихатының хатшысы Б.Ибраев