ЖАҢА МЕКТЕПТЕГІ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ЖАҢА МЕКТЕПТЕГІ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Бүгін Қосшы қаласы мәслихатының хатшысы Б.Ибраев, мәслихат депутаттары Айдын Төребаев, Қуат Дүйсекеев Лесная поляна тұрғын-үй алабында салынып жатқан жаңа мектептің құрылыс жұмыстарымен танысып қайтты.
1200 орынға арналған білім ошағында қазір құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Ақмола облысы құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша "Астана-Көктем С" ЖШС салып жатқан мектепте қазіргі уақытта 100 ден астам адам, 17 құрылыс техникасы жұмыс істеуде.
Кірпіш қалау, жылу жүйелерін орнату және өзге де монолиттік жұмыстардың барысымен танысқан депутаттар учаске басшылығына нысанның белгіленген уақытта сапалы түрде аяқталуын тапсырды. Мектептің құрылысына облыстық құрылыс басқармасының өкілдері де бақылау жүргізуде.
Құрылысы 2020 жылдың IV тоқсанында басталған білім ордасындағы жұмыстар жоспар бойынша 2022 жылдың IV тоқсанында аяқталуы тиіс.