Қымбатты оқушылар, ұстаздар, ата-аналар!
1 - қыркүйек Білім күні құтты болсын!
Бұл күн бүлдіршіндеріміздің мектеп табалдырығын аттауымен, жас мұғалімдердің педагог ретінде алғашқы сабақтарымен ерекше. Алтын ұя мектептеріңіздегі әрбір пән, әрбір сабақ білімнің қайнар көзі болсын. Көңілдеріңізге шуақ, жандарыңызға нұр сыйласын!
Күз айының осы бір тамаша мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтай отырып, оқушыларға - толағай табыс, ұстаздарға мол қажыр-қайрат тілеймін!
Құрметпен,
Қосшы қаласы мәслихатының хатшысы Б.Ибраев