Депутаттар жылыту қазандығында болды

Депутаттар жылыту қазандығында болды
13 шілде күні Қосшы қаласы мәслихатының хатшысы Б.Ибраев және мәслихат депутаттары Н.Тоқабаев, Қ.Дүйсекеев, қала әкімдігінің ТҮКШ және ТҮИ бөлімінің басшысы В.Асамбев қаладағы қазандықтар мен жабдықтардың 2022-2023 жылыту маусымына дайындығын тексеріп қайтты.
Бұл мәселе 19 шілде күні өтетін Қосшы қаласы Мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында қаралатын болады. Қазіргі уақытта қазандықты жаңа маусымға дайындау үшін жөндеу жұмыстары жүргізілуде.