Ағымдағы жылдың 22 маусымында "Ақмола облысының Қосшы қаласында Республика көшесін орташа жөндеу"жобасын іске асыру шеңберінде Республика көшесіне асфальт төсеу жұмыстары басталды.
25-27 Маусымда Республика көшесі Алтын Дала көшесінен Астана көшесіне дейін жартылай жабылады. Осыған байланысты "Лесная поляна ТА - Жабыл Жабаев-Қожа Ахмет Ясауи" схемасына сәйкес айналма жол ұйымдастырылды.
Сондай-ақ Сүйінбай, Абай, Ш.Қалдаяқов, Қ. Сәтпаев көшелері арқылы қалаға балама жолдар бар.