Қала тұрғындарын қабылдау ұйымдастырылды

Қала тұрғындарын қабылдау ұйымдастырылды

Мәслихат депутаты Мақсат Тәшенов әкім аппаратының басшысы Нұрсұлтан Мұхаметқалиевтің төрағалығымен өткен қабылдауға қатысты. Тұрғындардың жеке мәселелері бойынша ұйымдастырылған қабылдау барысында жер қатынастары, жол құрылысы, су беру, баспана кезегі және әлеуметтік мәселелер бойынша сауалдар көтерілді.

Түйткілді сауалдар бойынша тиісті бөлім басшыларына тапсырма беріліп, жауапты мекемелерге нақты міндеттер жүктелді. Азаматтардың өтініштері бақылауға алынды.
Еске сала кетейік, Қосшы қаласы әкімдігінде тұрғындарды қабылдау әр апта сайын сейсенбі күні 9:00-12:00 аралығында өтеді. Қабылдауға алдын ала 8 (7172) 607-770 байланыс телефоны арқылы жазылуға болады.