Азаматтарды қабылдау

Азаматтарды қабылдау

Қосшы қаласы әкімінің орынбасары Сәкен Сүлейменовтың төрағалығымен азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды. Әкімдік өкілдерімен бірге қабылдауға мәслихат депутаты Шохан Ибраев қатысты.

Қабылдау барысында тұрғындар жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жол инфрақұрылымы, әлеуметтік мәселелер және табиғи газға қосылу бойынша өз өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.

Көтерілген мәселелер бойынша тиісті бөлім басшыларының қатысуымен түсіндірме беріліп, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктелді. Азаматтардың өтініштері бақылауға алынды.

Қабылдауға алдын ала 8 (7172) 607-770 байланыс телефоны арқылы жазылуға болады.