Құрметті жас мамандар!

Құрметті жас мамандар!

Сіздерге мемлекеттік қызметке конкурстан тыс тәртіппен бірқатар бос лауазымдарға орналасу мүмкіндігі бар екенін хабарлаймыз.

Негізгі шарттар:

  1. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін 1 жыл ішінде мемлекеттік қызметке конкурс өткізбестен орналасуға болады;
  2. Білімі туралы дипломдағы үлгерім көрсеткіші (GPA) кемінде 3,33 болуы тиіс;
  3. Дипломда көрсетілген мамандық лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі қажет;
  4. Конкурстан тыс тағайындау аудандар мен қалаларда, облыстық маңызы бар қала — Көкшетау қаласын қоспағанда, жүзеге асырылады.

Конкурс өткізбестен мына лауазымдарға орналасуға болады:

1️⃣ облыс ауданы немесе облыстық маңызы бар қала әкімінің және мәслихат аппаратының төменгі буын лауазымына (Көкшетау қаласын қоспағанда);

2️⃣ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыс ауданының немесе облыстық маңызы бар қаланың атқарушы органындағы басшылық емес лауазымға (Көкшетау қаласын қоспағанда);

3️⃣ аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратындағы басшылық емес лауазымға;

4️⃣ облыс ауданындағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы (Көкшетау қаласын қоспағанда) орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының аумақтық бөлімшесіндегі басшылық емес лауазымға.

Ауылдық елді мекендерге жұмысқа келген жас мамандарға көтерме жәрдемақы төлеу, сондай-ақ тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит беру мүмкіндігі қарастырылған.

Егер сізді осы ақпарат қызықтырса немесе толығырақ кеңес алғыңыз келсе, мемлекеттік органдардың кадр қызметтеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне @elgeqyzmet.aqmola хабарласуға болады.

Мекенжайы: Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 87, 3-қабат.
Телефон: 8 (7162) 51-81-32.