Тұрғындарды қабылдау ұйымдастырылды

Тұрғындарды қабылдау ұйымдастырылды

         Бүгін қала әкімінің орынбасары Сәкен Сүлейменовтың төрағалығымен азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті. Қабылдауға депутаттық корпус өкілдері атынан қалалық мәслихат депутаты Болат Абдрахманов қатысты.

         Қабылдау барысында тұрғындар инфрақұрылым мен әлеуметтік салаға қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңнама аясында түсіндірме берілді. Азаматтар тарапынан баспана алу, өқжаттама, ТКШ жұмысы, жол жөндеу және коммуналдық мәселелер бойынша сұрақтар қойылды. Көтерілген түйткілді мәселелердің шешу жолдарын қарастыру және тиісті шаралар қабылдау бөлім басшыларына тапсырылды.

         Қала тұрғындарын жеке қабылдау әр аптаның сейсенбі күні сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін жүргізіледі. Қабылдауға алдын ала 8 (7172) 60-77-70 телефон нөмірі арқылы жазылуға болады.