Техникалық реттеу саласында 7 мыңнан астам бақылау іс-шарасы өткізілді

Техникалық реттеу саласында 7 мыңнан астам бақылау іс-шарасы өткізілді

Қауіпсіз емес өнімнен қорғаудың негізгі құралдарының бірі техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау болып табылады. ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Қасымовтың айтуынша, жыл басынан бері аумақтық департаменттер 7 мыңнан астам бақылау іс-шараларын өткізді, оның ішінде 6 497-сі бақылау субъектілеріне бармай жүзеге асырылды. Сондай-ақ, 144 жоспардан тыс тексеру, бару арқылы 286 профилактикалық тексеру және басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп 216 тексеру жүргізілді.

«4 267 жағдайда бұзушылықтар анықталды, бұл жалпы бақылау іс-шараларының 56%-ын құрайды. Бақылау қорытындысы бойынша 2 490 нұсқама мен ұсыным берілді. 20 аккредитация аттестатының қолданылуы тоқтатылды, 42 мыңнан астам құжат күшін жойды», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында 600-ден астам тексерілмеген өлшеу құралдары анықталды.