Бүгін қалалық әкімдікте кезекті мәрте тұрғындарды қабылдау ұйымдастырылды. Қала әкімі Азамат Қапышевтің төрағалығымен өткен қабылдауға депутаттық корпус өкілдері атынан қалалық мәслихат депутаты Мақсат Тәшенов қатысты.
Қабылдау барысында тұрғындар үйдің құжаты, үлестік құрылыс, баспана, жер мәселесі сияқты тұрғындардың тіршілігі үшін аса маңызды сауалдарды қойды. Әр сауал мұқият тыңдалып, назарға алынды. Көтерілген мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама аясында түсіндірме берілді. Түйткілді сұрақтардың шешімін табу жолдарын қарастыру және тиісті шаралар қабылдау бөлім басшыларына тапсырылды.
Тұрғындардың жеке мәселелері бойынша мұндай қабылдау әр аптаның сейсенбі күні сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін жүргізіледі. Қабылдауға алдын ала 8 (7172)60-77-70 телефон нөмірі арқылы жазылуға болады.