Бүгін Қосшы қаласы мәслихатының кезекті алпыс екінші сессиясы өтті

Бүгін Қосшы қаласы мәслихатының кезекті алпыс екінші сессиясы өтті
Мәслихат төрағасы Ә.Қуатбеков ашқан сессияға қала әкімінің м.а. А.Ибраева, Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Ә.Әбдірахманова, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты А.Төребаев және қала әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.
Күн тәртібі бойынша "Қосшы қаласы бюджетінің 2025 жылға атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы" мәселе қаралды. Альмира Бақытқызы қала бюджеті туралы мәліметтерімен бөлісіп, депутаттық корпус өкілдері тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Одан кейін тексеру комиссиясының мүшесі Әсел Берікқызы бюджет қаражатының қаланы дамыту мақсатында тиімді игерілгенін, мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы Ерғали Дүйсенұлы депутаттық корпус өкілдері әр саланы назарда ұстай отырып жұмыс атқарып келе жатқанын, қаланы көркейту жұмыстарының бас жоспарға сәйкес жалғасатынын жеткізді.
Жиын соңында мәслихаттың кезекті сессиясының шешімі қабылданды.