Қосшы қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының отырысы өтті

Қосшы қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының отырысы өтті

Отырысқа мәслихат төрағасы Ә.Қуатбеков, қала әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.

Күн тәртібі бойынша қаламыздың дамуына байланысты бірқатар мәселе қаралды. Олардың қатарында қала бюджетінің 2025 жылға атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы, мәслихаттың 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 213/53-8 «2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселелер бар. Бюджет қаражаты туралы қала әкімінің орынбасары Альмира Ибраева ақпарат ұсынып, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Сондай-ақ отырыста «Қосшы қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды. Комиссия отырысының соңында күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті Қаулы қабылданды.