
Бүгінде Қазақстан автомобиль жолдарын салу мен жөндеуге қажетті жол битумына деген ішкі сұранысты толық көлемде қамтамасыз етіп отыр. Бұған Caspi Bitum зауытының қуатын кеңейту жобасын іске асыру нәтижесінде қол жеткізілді – мұнай өңдеу көлемі жылына 1 млн тоннадан 1,5 млн тоннаға дейін ұлғайтылды. Нәтижесінде жол битумын өндіру көлемі жылына 500 мың тоннадан 750 мың тоннаға дейін артты.