МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗУДЕ

МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗУДЕ

Бүгін Қосшы қаласы мәслихатының депутаттары «Лесная поляна» ТА-да орналасқан №13. /13\1 үйлердің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Есептік кездесулерге мәслихат төрағасы Әлихан Қуатбеков, депутат Динара Райханова, Дидар Кәкімжанов, Ақылбек Данабекұлы және мемлекеттік мекемелердің өкілдері, МИБ төрағалары, мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында  жылу беру, балалар алаңының жай-күйі, абаттандыру, қоғамдық көлік, қоғамдық қауіпсіздік және тұрғындардың тіршілігіне қатысты т.б. мәселелерге қатысты сауалдар қойылып оған депутаттар жауап берді.

Өз сөзінде мәслихат төрағасы Әлихан Жұмаханұлы тұрғындар тарапынан көтерілген сауалдар, айтылған ұсыныстар назардан тыс қалмайтынын жеткізді. Жиында көтерілген маңызды сауалдар бойынша атқарушы органдарға, жауапты тұлғаларға депутаттық сауалдар жолданып мәселенің шешімін табу жолдары қарастырылатын болады.