МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗУДЕ

МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗУДЕ

Бүгін Қосшы қаласы мәслихатының депутаттары «Лесная поляна» ТА-да орналасқан №18, №1, №10, №15 үйлердің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Есептік кездесулерге мәслихат төрағасы Әлихан Қуатбеков, депутат Динара Райханова, Сәбит Дүкенбаев, Шохан Ибраев және Қосшы қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Асқар Әуелбеков, МИБ төрағалары, мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында балалар алаңдарын орнату, жылу беру, әлеуметтік сала, автотұрақ, кепілде тұрған жер телімі, аллеяны абаттандыру, қоғамдық көлік санын арттыру, мопед жүргізушілеріне бақылау жасау, жолдарды жөндеу, мемлекеттік балабақша және тұрғындардың тіршілігіне қатысты т.б. мәселелерге қатысты сауалдар қойылып оған депутаттар жауап берді.

№10 үй тұрғындарымен өткен кездесу барысында тұрғындар сол округтен сайланған депутат Динара Қуанышқызына мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандус орнатып беру бойынша өтініш жасағанын және пандустың сапалы орнатылғаны үшін өз ризашылықтарын білдірді. Бұл мәселені мәслихат депутаты Динара Райханова өз қаражатымен жүзеге асырған болатын. Өз кезегінде мәслихат төрағасы Әлихан Жұмаханұлы тұрғындар тарапынан көтерілген сауалдар, айтылған ұсыныстар назардан тыс қалмайтынын жеткізіп, жұмысты атқарған азаматтарға алғысын білдірді.

Бүгінгі кездесулерде көтерілген түйткілді мәселелер, маңызды сұрақтар бойынша атқарушы органдарға, жауапты тұлғаларға депутаттық сауалдар жолданып мәселенің шешімін табу жолдары қарастырылатын болады.