2026 жылдың 16 сәуірі күні мәслихат төрағасы Әлихан Қуатбеков, депутат Динара Райханова «Лесная поляна» ТА-да орналасқан №29 үйдің ауласында тұрғындармен есептік кездесу өткізді.
Кездесуге 25, 28, 29, 30 үйлердің тұрғындары, МИБ өкілдері қатысты. Бүгінгі кездесуде өкілді орган өкілдеріне балалар алаңын жөндеу, үй құжаты, судың қысымы, кәріз жүйесі, жолдағы жасанды кедергі, тариф бағасы, жылу беру және т.б. мәселелерге қатысты сауалдар қойылып, оған депутаттар жауап берді.
Кездесуде көтерілген маңызды сауалдар бойынша атқарушы органдарға, жауапты тұлғаларға депутаттық сауалдар жолданып, мәселенің шешімін табу жолдары қарастырылатын болады.