МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗУДЕ

МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗУДЕ

Бүгін Қосшы қаласы мәслихатының депутаттары «Лесная поляна» ТА-да орналасқан №36 үйдің ауласында тұрғындармен есептік кездесу өткізді.

Кездесуге мәслихат төрағасы Ә.Қуатбеков, депутаттар Ш.Ибраев, С.Дүкенбаев, Д.Райханова және МИБ төрағалары, мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты.

Жиын барысында қаламыздағы балалар алаңдары, тұрғын үй, құжаттама, жер, жол құрылысы, жаяу жүргінші жолағы, су, газдандыру, қаңғыбас ит және қаланың инфрақұрылым мәселелеріне қатысты өзге де сауалдар қойылып, оған депутаттар тарапынан жауап берілді.

Мәслихат төрағасы Әлихан Жұмаханұлы өз сөзінде депутаттар президент тапсырмаларын жергілікті деңгейде жүзеге асыруда атқарушы орган өкілдерімен, тұрғындармен бірлесе отырып қызмет жасай беретінін атап өтіп, кездесуде айтылған әр сауалдың назардан тыс қалмайтынын жеткізді.

Кездесу барысында көтерілген түйткілді мәселелер бойынша жауапты мекемелерге депутаттық сауалдар жолданатын болады.