Қосшы қаласы мәслихатының депутаттары мен қала тұрғындарының назарына!

Қосшы қаласы мәслихатының депутаттары мен қала тұрғындарының назарына!

          "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылғы 15 ақпанда сағат 11:00-де қала әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылған Қосшы қаласы мәслихатының кезектен тыс алпысыншы сессиясы шақырылады.

          Сессияның қарауына келесi мәселе енгiзiледi:

  1. «Қосшы қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Қосшы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 85/19-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. «Қосшы қаласы мәслихатының «Қосшы қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» 2023 жылғы 4 мамырдағы №13/3-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
  3. «Қосшы қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының құрамын бекіту туралы»2022 жылғы 17 наурыздағы №50/11-7 Қосшы қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
  4. Басқа мәселелер.

 

 

Қосшы қаласы

мәслихатының төрағасы                                                             Ә. Қуатбеков