Автожолдарды жаңғырту арқылы туризмді дамыту: 2026 жылғы басымдықтар

Автожолдарды жаңғырту арқылы туризмді дамыту: 2026 жылғы басымдықтар
2026 жылы Қазақстанда елдің негізгі туристік аймақтарына көлік қолжетімділігін арттыру бағытындағы ауқымды жұмыстар жалғасуда. Республикалық маңызы бар автожолдарды реконструкциялау жол жүру уақытын қысқартып қана қоймай, жол бойындағы инфрақұрылымның сапасын да жақсартады: бұл ішкі туризмді дамытудың маңызды серпіні болмақ, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.