Бүгін қала әкімі Азамат Қапышевтің жүргізуімен кезекті мәрте азаматтарды қабылдау өтті. Қабылдауға депутаттық корпус өкілдері атынан Динара Райханова, қоғамдық кеңес мүшесі Айнагүл Көңбайқызы қатысты.
Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан жол құрылысы, жер телімі және қаланың инфрақұрылымына қатысты өзге де сауалдар қойылып, оған заң аясында жауап берілді.
Қала тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдау әр аптаның сейсенбісі күні 9:00-12:00 аралығында жүргізіледі. Қабылдауға 87172607770 телефон нөмірі арқылы алдын ала жазылуға болады.