
Сіздер бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербете отырып, қызметін де үйлестіріп отырған аяулы жансыздар.
Бүгінде әйелдер жетістікке жетпеген қызмет саласы жоқ десе де болады. Ең жауапты салаларда еңбек ете жүріп, әрқашан жоғары кәсіби шеберліктеріңізді көрсетіп, алға қойған мақсатқа қол жеткізуде табандылық танытып тиімді шешім таба білесіздер.
Сіздерді осынау шуақты мерекемен шын жүректен құттықтай отырып зор денсаулық, жанұяларыңызға мол бақыт, көктемгі көтеріңкі көңіл-күй мен баянды ғұмыр тілеймін! Әрдайым көктем күніндей жадырап жүріңіздер!
Құрметпен,
Қосшы қаласы мәслихатының төрағасы Әлихан Қуатбеков