"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылғы 17 ақпанында сағат 10:00-де қала әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылған Қосшы қаласы мәслихатының кезектен тыс елу алтыншы сессиясы шақырылады.
Сессияның қарауына келесi мәселе енгiзiледi:
- Қосшы қаласы мәслихатының 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 101/20-7 «Қосшы қаласының төтенше жағдайлардың алдын-алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы».
- Қосшы қаласы мәслихатының 2022 жылғы 17 наурыздағы №50/11-7 «Қосшы қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Қосшы қаласы мәслихатының 2022 жылғы 17 наурыздағы №51/11-7 «Қосшы қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қосшы қаласы мәслихатының 2022 жылғы 22 сәуірдегі №65/13-7 «Қосшы қаласы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылғы 18 ақпанында сағат 10:00-де қала әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылған Қосшы қаласы мәслихатының кезекті елу жетінші сессиясы шақырылады.
Сессияның қарауына келесi мәселе енгiзiледi:
- Қосшы қаласы мәслихатының атқарған жұмысы, оның 2025 жылғы тұрақты комиссиялары қызметінің есебі туралы.
Баяндамашы: Қосшы қаласы мәслихатының төрағасы – Ә.Ж. Қуатбеков.
- Қосшы қаласы мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі сұрақ туралы.
- Басқа мәселелер.
Қосшы қаласы
мәслихатының төрағасы Ә. Қуатбеков