Жаңа Конституция жобасы талқыланды

Жаңа Конституция жобасы талқыланды

Бүгін Қосшы қаласы мәслихатының төрағасы Әлихан Қуатбековтың бастамасымен мәслихаттағы түрлі партиядан сайланған депутаттар жаңа Конституцияның жобасын талқылады.

"AMANAT", "Ауыл", "Қазақстан Халық партиясынан" сайланған мәслихат депутаттары ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың жүргізіп келе жатқан саяси реформалары мемлекетімізді дамытудың тиімді жолы, әрі заманауи қажеттілік екенін ескере отырып Ата Заңымыздың жаңарған нұсқасы елдік мүддеге сай екені туралы пікір алмасты.