ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Наталья Дементьева Қосшы қаласында болып қала активімен, мәслихат депутаттарымен кездесу өткізді

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Наталья Дементьева Қосшы қаласында болып қала активімен, мәслихат депутаттарымен кездесу өткізді

Кездесу барысында Наталья Григорьевна заң шығарушы органның 2025 жылғы атқарған жұмыстары, қабылданған заң жобалары туралы мәлімет берді. Өз кезегінде Ақмола облыстық, Қосшы қалалық мәслихатының депутаттары қала өмірі, тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы, азаматтар тарапынан түсетін шығымдар бойынша сауалдарын қойып, мәжіліс өкіліне өз ұсыныстарын берді.


Атап айтқанда мәслихат төрағасы Әлихан Жұмаханұлы қаламызды дамытуда мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіруге қатысты ұсыныс берсе, Айдын Бертісбайұлы тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету, ветеринария жұмысы (қаңғыбас ит мәселесі), Ерғали Дүйсенұлы алаяқтық әрекеттер, киберқауіпсіздік және т.б. мәселелер бойынша көкейдегі сауалдарын қойып, оған нақты жауаптар берілді. Ұсыныс-пікірлер назарға алынды.


Кездесуден кейін мәжіліс депутаты қаламыздағы Жедел басқару орталығының жұмысымен танысып, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.