
Сіздерді жарқын үміт пен жаңа мүмкіндіктерге толы Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Өткен жыл Қосшы қаласы үшін табысты кезең болды. Қаламыз әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан оң көрсеткіштерге қол жеткізіп, инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары қарқынды түрде жүргізілді. Тұрғын үйлер және көптеген әлеуметтік нысандар бой көтеріп, халықтың тұрмыс сапасын арттыру бағытында нақты қадамдар жасалды. Бұл – бірлік пен ортақ еңбектің нәтижесі.
Қосшы – болашағы зор, қарқынды дамып келе жатқан жас қала. Алдағы жылы да тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту, қаланы көркейту және тұрақты даму жолында жүйелі жұмыстар жалғасын табады деп сенемін.
Жаңа жыл әр шаңыраққа құт-береке, молшылық пен татулық әкелсін! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Жаңа жылда жаңа жетістіктер мен игі бастамалар көп болсын!
Құрметпен,
Қосшы қаласы мәслихатының төрағасы Қуатбеков Әлихан Жұмаханұлы