Мәслихат төрағасы Әлихан Қуатбеков ашқан сессияға Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Айдын Төребаев, қала әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің, құзырлы органдардың басшылары қатысты.
Сессияның қарауына 2026-2028 жылдарға арналған Қосшы қаласының және Тайтөбе ауылының бюджеті туралы мәселе енгiзiлдi. Қала әкімінің орынбасары Альмира Бақытқызы бюджет мәселесі туралы баяндап, депутаттық корпус өкілдері тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Одан кейін мәслихаттың тұрақты комиссияларының төрағасы Ерғали Ділдәбек қала бюджетінің тиісті мақсаттарға жұмсалып жатқанын, бюджетті тиімді игерудің маңыздылығын атап өтті.
Жиын соңында мәслихат сессиясының шешімі қабылданды.