Қосшы қаласы әкімдігінде азаматтарды жеке өтініштері бойынша қабылдау ұйымдастырылады. Бүгінгі қабылдауға әкімдік өкілдерімен қатар мәслихат депутаты Ақмарал Бекбаева қатысып, тұрғындардың шағымдары мен ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Қабылдау барысында жер телімі, құжаттарды рәсімдеу, тұрғын үй кезегі, жолдарды жөндеу, әлеуметтік көмек және өзге де мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, оларға қолданыстағы заңнама аясында жауаптар берілді.
Көтерілген мәселелердің оң шешімін табуы мәслихат депутаттарының тұрақты бақылауында болады.
#Азаматтарды_қабылдау
#Қосшы_қаласының_тұрғындары