
Сіздерді еліміздің ең қастерлі де айрықша мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздік – халқымыздың ғасырлар бойғы арманының орындалуы, бірлігіміз бен берекеміздің, тұрақтылығымыз бен дамуға деген ұмтылысымыздың берік тұғыры. Егемен ел ретінде біз экономикалық, әлеуметтік және мәдени салада зор жетістіктерге жетіп, болашаққа нық қадам басып келеміз.
Қала мәслихаты өз құзыреті аясында тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға, қаламыздың тұрақты дамуына және азаматтық қоғамды нығайтуға бағытталған жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыра беретін болады.
Осынау қастерлі күнде әр шаңыраққа бақ-береке, денсаулық пен молшылық тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Ізгі тілекпен,
Қосшы қаласы мәслихатының төрағасы Ә.Қуатбеков