Үкіметтің халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимылы жаңа деңгейге көтерілді

Үкіметтің халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимылы жаңа деңгейге көтерілді

Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен (МҚҰ) ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Жиында мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті нығайту саласына қатысты нақты бастамалар, ел өңірлерінің қаражатты өз бетінше тарту мәселелері қаралды. Сондай-ақ көлік әлеуетін одан әрі дамыту, микро, шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бағдарламаларын кең ауқымда тарату бойынша МҚҰ-мен бірлескен бірқатар жоба ұсынылды.