Бүгін қалалық әкімдіктің ғимаратында азаматтарды жеке өтініші бойынша қабылдау өтті. Қабылдауға әкімдік өкілдерімен, қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге мәслихат депутаты Дидар Кәкімжанов қатысып, көпшіліктің шағым, тілектерін тыңдады.
Қабылдау барысында әлеуметтік көмек, жолдарды жөндеу, газдандыру және т.б. жұмыстар бойынша сауалдар қойылып, оған заң аясында жауап берілді. Азаматтардың көтерген сұрақтары бойынша түйткілді сауалдардың шешімін табу жауапты бөлім басшыларына, тиісті мамандарға тапсырылды.
* Қосшы қаласы әкімдігінде азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдау әр апта сайын сәрсенбі күні сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін өтеді.