Бүгін, 11 қараша күні Қосшы қаласы әкімдігінің ғимаратында мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Күн тәртібінде қала өмірі үшін маңызды бірқатар мәселе қаралды.
Олардың қатарында 2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджетке өзгерістер енгізу туралы, құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссияның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясының, кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы меселелер бар.
Бюджет мәселесі туралы әкімнің орынбасары Альмира Ибраева, комиссиялар құрамы туралы «Қосшы қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімі басшысының м. а. Жанель Ерланқызы ақпарат ұсынды.
Сонымен қатар «Қосшы қаласының құрылыс бөлімі» ММ басшысы Уәлихан Мәкенов бөлімнің жұмысы туралы есеп берді. Ал, Қосшы қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Еркін Қожахметов қала бойынша мөлшерлеме ставкаларын төмендету мәселесі бойынша баяндама жасады.
Отырыс барысында әр мәселе бойынша ұсыныстар айтылып, талқылаулар жүргізілді. Депутаттық корпус өкілдері бюджет мәселесі, қаламыздың құрылысы, комиссиялардың құрамдары және т.б. мәселелерге қатысты көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған жауап берілді. Жиын соңында тұрақты комиссияның қаулысы қабылданды.